ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕРІ ЕҢБЕК САЛАСЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІН ТАЛҚЫЛАДЫ
09.05.2025 17:54:12 44
28 сәуірде, Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күніне орай, академик Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың конференц-залында «Қауіпсіздік пен еңбек гигиенасының заманауи тәсілдеріндегі әйелдердің рөлі: жасанды интеллект (ЖИ) және жұмыс орындарындағы цифрландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қарағанды облыстық кәсіподақтар орталығы, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, бастапқы кәсіподақ ұйымы және академик Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ басшылығы.
Дөңгелек үстел Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Басты тақырып – цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу жағдайында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың жаңа тәсілдерін дамытуға әйелдердің қатысуы, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері. Іс-шараға кәсіподақ көшбасшылары, сарапшылар, жоғары оқу орындарының өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты. Департамент Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Саягүл Еркебекованы ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/991336?lang=kk