«Ұрпақтар жалғастырады» тақырыбында тәрбие сағаты.
09.05.2025 17:54:14 66
Бастаушы ауылдық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жыл толуына орай соғысқа қатысқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұмытпай, ұрпақ жадында мәңгі сақтау мақсатында Абай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары «Ұрпақтар жалғастырады» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында кітапханашы соғыс жылдарындағы батырлардың ерлігі туралы тың мәліметтермен бөлісіп, Бастаушы ауылының тумалары Ұлы Отан соғысының адагерлері Ғабдуәли Раханов, Зәкен Белібаев, Базар Смағұлов, Мырзағали Тұрсынғалиев, Нұрғазы Адекенов, Қазтай Дюсупов, Сейт Смағзамов сынайлы азаматтарымызға тағзым етеміз. Жасаған ерліктері мәңгі жүрегімізде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/991335?lang=kk