Тұрақты даму – күн тәртібінде: Қазақстан Елшісі Shell-мен кездесу өткізді
12.05.2025 10:50:51 55
Гаага, 2025 жылғы 8 мамыр — Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Shell International компаниясының Таяу Шығыс, Африка және Еуразия елдері бойынша корпоративтік байланыстар жөніндегі Вице-президенті Джоанна Кюнссбергпен кездесу өткізіп, еліміздің экономикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірімен табысты серіктестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Кездесу барысында энергетика саласындағы тиімділік пен тұрақтылықты арттыруға бағытталған озық технологияларды қолдана отырып іске асырылып жатқан жаңа бастамаларға ерекше назар аударылды. Тараптар тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін растап, қазақстандық мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың маңыздылығын меңзеді. Атап айтқанда, жергілікті қызметкерлер арасында ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) салаларындағы дағдыларды дамытуға бағытталған бағдарламаларды қолдау мәселесіне баса назар аударылды.
Shell компаниясының өңірде отыз жыл бойы табысты жұмыс істеп, мұнай-газ саласындағы түрлі жобаларға 18 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйғаны және бұл арқылы саланың жаңғыруы мен ұзақ мерзімді дамуына елеулі үлес қосқаны қоса атап өтілді. Кездесу барысында инвесторлардың, ұлттық экономиканың және Қазақстанның өңірлік дамуының мүдделерін ескере отырып, одан әрі ынтымақтастықтың бағыттары айқындалды. Тараптар Нидерланд аумағындағы өндірістік нысандарға барып, бірлескен жобаларда қолдануға болатын үздік тәжірибелермен танысу туралы уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/992734?lang=kk