Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Қайта құру және даму қорының Атқарушы директоры Шухрат Вафаевпен кездесті

Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Қайта құру және даму қорының Атқарушы директоры Шухрат Вафаевпен кездесті

13.05.2025 06:21:59 33

2025 жылғы 12 мамыр, Ташкент – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Қайта құру және даму қорының Атқарушы директоры Шухрат Вафаевпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері басшыларының жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.

Ерекше назар бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге аударылды. Атап айтқанда, геологиялық барлау, көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология салаларындағы ынтымақтастық, металлургия секторындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ екіжақты сауданы ынталандыру бойынша бастамалар қаралды.

Тараптар қолданыстағы және келешектегі жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында бейінді институттар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы үйлестіруді тереңдету қажеттігін атап өтті және Қазақстан–Өзбекстан ынтымақтастығының күн тәртібін одан әрі практикалық мазмұнмен толықтыру тәсілдерін келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді байланыстарды дамытуға бейілділік және экономиканың стратегиялық маңызды салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге дайындық расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/993951?lang=kk