Бас консул Бірінші халықаралық парапланеризм фестиваліне қатысты
13.05.2025 06:44:53 132
2025 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасының Самарқанд қ. Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд облысының Үргіт ауданының тауларында өткен Қазақстан, Ресей, Беларусь, Франция, Ұлыбритания, Түркия және Тәжікстанды қоса алғанда 10 елден 70-тен астам спортшының қатысуымен өткен Бірінші халықаралық парапланеризм фестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Қазақстандық тарапн «Самұрық» жазғы мектебінің тәжірибелі парапланерлерімен таныстырылды. Мектеп қатысушылары парапланеризмде өз дағдыларын көрсетіп қана қоймай, мәдени бағдарламаға белсенді қатысып, шетелдік спортшылармен тәжірибе алмасты
Іс-шара Андак махалласында, парапланеризмге өте қолайлы, табиғаты әсем аймақта өтті. Фестиваль барысында 25 метрлік кәуап дайындалып, ұлттық ойындар, халық өнері көрмелері, концерттер және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Бұл бастама өңірде экстремалды және оқиғалық туризмді дамытуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/993978?lang=kk