Әдіскер-ғалымның мерейтойы тойланды
18.05.2025 22:29:11 9866
Бүгін Назарбаев университетінде профессор Зейнехан Күзекованың 70 жылдық мерейтойына орай «Қазақ лингвистикасы: теория мен тәжірибе интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Конференция жұмысына елімізге танымал Т.Аяпова, З.Ерназарова, Е.Оразалиева, М.Жолшаева, Г.Құрманбай сынды белгілі ғалымдар, Тіл комитетінің төрағасы Е.Тілешов; «Қазтест», Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы және «Қазтелеком» өкілдері, сондай-ақ онлайн түрде шетелдік ғалымдар қатысты. Қарағанды облысы атынан да бір топ делегация әдіскер-ғалымды арнайы құттықтап қайтты.
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығының Қарағандыдағы өкілдігінің басшысы ретінде қарағандылықтар атынан сөз алған Жұпар Рысқұлқызы басқарма басшысының құттықтау хатын табыстап, игі тілегін білдірді. Зейнехан апайдың әдістеме ғылымын дамытудағы еңбегін Қарағандыдағы мемлекеттік тілді оқыту үдерісімен байланыстыра отырып, сөзін сабақтады. Делегация өкілдері арнайы апарған сыйлығын, сондай-ақ Ж.Жақан апайдың әлеуметтік желідегі оқырманы екеніне ризалық білдіріп, «Чипси мен шибауырсақ» жинағын табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/985673?lang=kk