Қазақстан мен «FII Institute» өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда
12.08.2026 18:21:59 145
Рияд, 2026 жылғы 12 тамыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков «Future Investment Initiative Institute» Бас атқарушы директоры ханшайым Маха бинт Мишари бен Әбделазиз Әл Саудпен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында Қазақстан Елшісі «FII Institute»-тің жаһандық инвестициялық күн тәртібін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтіп, халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудағы және жаңа іскерлік әріптестіктерді дамытудағы платформаның маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде, сауд тарапы Қазақстанмен өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін білдіріп, инвестициялық бастамалар мен жобаларды ілгерілету мақсатында халықаралық әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және тығыз ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
«Future Investment Initiative Institute» – Рияд қаласында орналасқан, инвестициялар, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық мәселелерімен айналысатын халықаралық коммерциялық емес институт. Институт жыл сайын әлемдік бизнес көшбасшыларын, инвесторлар мен мемлекеттік қайраткерлерді біріктіретін «Future Investment Initiative» форумын өткізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1273150?lang=ru