Жас маманның ізденісі - сапалы білім кепілі
18.05.2025 22:29:44 10475
2025 жылдың 24 - сәуір күні Аягөз аудандық оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің математика пәні әдіскері К. А. Тусипованың және математика пәні қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес "Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі" КММ -де "Жас маманның ізденісі - сапалы білім кепілі" атты аудандық жас мамандар семинары өтті. Семинар мақсаты: жас мамандардың кәсіби құлшынысы арттыру, топпен жұмыс жасауға бейімдеу, жігерлендіру.
Семинар барысында "Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі" КММ математика пәні мұғалімі Берікова Жансұлу Берікқызы 6 "А" сыныбында "Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер " тақырыбында және "№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі" КММ математика пәні мұғалімі Қапасов Досжан Қахарманұлы 5 "А" сыныбында "Бұрыш" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/985272?lang=kk