Қазақстан Елшілігінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту рәсімі өтті

Қазақстан Елшілігінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту рәсімі өтті

18.05.2025 23:09:44 187

Бразилиа, 2025 жылғы 12 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігі «Жеңіс естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» тақырыбындағы соғыс жылдарындағы Қазақстандық батырларға арналған фотокөрмесін ұйымдастырды. Іс-шара 9 мамыр – Жеңіс күніне орайластырылып, кеңес сарбаздары мен сардарларының ерлігіне, батырлары мен олардың естелігіне арналды.

Іс-шараға Бразилия Сыртқы істер министрлігі мен Оңтүстік Америка елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдері, «Қазақстан-Бразилия» достық форумының мүшелері мен жергілікті журналистер қатысты. Көрме басталар алдында қонақтар Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, өзінің алғы сөзінде Қазақстан мен Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, фашизмге қарсы Жеңіске қосқан лайықты үлесі жайлы айтып, биыл еліміз атап өтіп жатқан соғыс батырларының ерлігін атап өтті. Елші, Қазақстанда отандастарымыз жауынгерлік және еңбек ерліктерін құрметтеуге аса көңіл бөлетінін және табандылық пен қайсарлық көрсеткен батырлар есімдері халық жадында мәңгі сақталатына назар салды.

Көрме барысында қонақтар назарына Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов, Р.Қошқарбаев, Ә.Молдағұлова тәрізді Кеңес Одағының және Қазақстанның белгілі батырларының фотосуреттері, қысқаша өмірбаяндары мен олардың ерліктері жайлы португал тілінде ақпарат ұсынылды. Фотокөрмені тамашалау, қазақстандықтардың ҰОС-қа қатысуы мен тылдағы еңбеккерлер туралы бейнероликпен сүйемелденіп, шара соңында қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылған фуршет ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/994017?lang=kk