ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оқу жылының соңында ескертеді: ақша жинауға тыйым салынады

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оқу жылының соңында ескертеді: ақша жинауға тыйым салынады

19.05.2025 20:01:46 484

Білім беру саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу жылының аяқталуы қарсаңында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстың білім басқармасымен бірлесіп өңірдің білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді. Іс-шараға колледж, мектеп және балабақша директорлары қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков іс-шараға қатысушыларға елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ білім беру саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелерімен таныстырды. Сондай-ақ, «Фаворит» бухгалтерлік есеп жүргізудің бұлтты жүйесін енгізу бойынша туындап жатқан проблемалық мәселелерге ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуы қарсаңында А.Ашиков түлектерден ақшалай қаражат пен сыйлықтардың заңсыз жиналуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.

«Агенттіктің 1424 колл-орталығына ата-аналардан мектептердегі заңсыз ақша жинау фактілері бойынша өтініштер келіп түсуде. Ең көп шағымдар оқу жылының соңында келеді. Мұғалімдерге, директорларға және басқа қызметкерлерге еңбектері үшін материалдық алғыс айту "дәстүр" болып саналады. Алайда, бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келетінін есте ұстаған жөн. Сыйлықтарға ақша жинауға тыйым салынады. Түлектер өздерінің алғыс сөздерін дәстүрлі гүл шоғын сыйлау, қайырымдылық бастамаларына қатысу немесе, мысалы, ағаш отырғызу арқылы білдіре алады", — деп атап өтті А.Ашиков.

Өз кезегінде ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары А.Ахмадиева облыстың білім беру мекемелерінде «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі кешенді жоспар», сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыру барысы туралы айтып берді.

Кездесу соңында тараптар білім беру ортасында адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/995554?lang=kk