Тараз қаласында Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сотталғанға телефон жеткізу әрекетінің жолын кесті
20.05.2025 09:22:35 77
Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің бірінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері режимдік нысан аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекетін дер кезінде тоқтатты.
Қысқа мерзімді кездесу кезінде сәлемдемені тексеру барысында, жеткізу мен кездесулерді бақылау бөлмесінде (ЖКБ), Ұлттық ұланның кезекшіліктегі әскери қызметшілері мен ҚАЖ қызметкерлері бірлесіп, ылғал майлықтардың қаптамасынан 1 ұялы телефон мен 2 USB зарядтау шнурын тапты.
Сәлемдемені сотталған азаматпен кездесуге келген тұрғын тапсыруға тырысқан.
Тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттенген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Айта кету керек, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының маңызды міндеттерінің бірі саналады.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/995784?lang=kk