2025 жылғы қаңтар-наурыз демографиялық ахуалы туралы
20.05.2025 18:31:38 407
2025 жылғы 1 сәуірге Абай облысы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 601,4 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 374,4 мың (62,3%), ауылдықтар – 227,0 мың адам (37,7%). 2025 жыл басымен салыстырғанда халық саны 3,1 мың адамға немесе 0,5%-ға кеміді.
Халықтың табиғи қозғалысы
2025 жылғы қаңтар-наурыз Абай облысы халқының табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурыз салыстырғанда (972 адам) 29,6%-ға азайды, 684 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,62 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2025 жылғы қаңтар-наурыз туылғандар саны 1926 адамды құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 17,0%-ға аз (2320). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 13,02 туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1242 адамды құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-наурыз қарағанда 7,9%-ға аз (1348 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,40 қайтыс болғандарды құрады.
2025 жылғы қаңтар-наурыз облыста 1 жасқа дейін шетінеген 15 нәресте тіркелді және 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (21 шетінеген нәресте) 28,6% есе азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,79 оқиғаны құрады.
Халықтың көші-қоны
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2025 жылы 1-тоқсанда облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 3199 адамды, елімізден кеткендердің саны - 5292 адамды, көші-қонның айырымы – 2093 адамды құрады.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің саны-14 адам, ал сол елдерге кеткендердің - 28 адам, көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 87,5% және 84,8% құрады. Осының келгендермен және кеткендердің көп бөлігі Россей Федерациясына тиесілі, 14 адам келіп және 28 адам көшіп кеткен.
Алыс шетел елдерімен теріс сальдо, облысқа келгендер - 2 адам құраса, кеткендер саны - 5 адам, оң сальдо Қытай Халық республикасымен оң сальдо қалыптасты.
Облыс ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны - 3183 адамға азайған, келгендер - 5259 адам құраса, кеткендер - 2076 адам құрады.
_________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсіндірмелер
Халықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.
Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға есептелінеді.
Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.
Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.
Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.
Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.
www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика
Әлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің басшысы: С.А. Кондратьева Тел. +7 7222 36-25-49 | Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/996778?lang=kk