«Адалдық пен әділет – қоғам тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
12.08.2026 11:45:55 165С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқықтық сауаттылық және қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне арналған «Адалдық пен әділет – қоғам тірегі» атты кітап көрмесі өтті. Сыбайлас жемқорлық – заң талаптарына ғана емес, адамгершіліктің негізгі қағидаттарына да қайшы құбылыс. Оған қарсы күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Ал адалдықты, әділеттілікті және заңға деген құрметті қалыптастыру әрбір адамнан басталады. Көрме аясында оқырмандар назарына кітапхана қорынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, заңнама, құқықтық мәдениет пен сауаттылық, сондай-ақ адалдық, әділеттілік және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне арналған кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар мерзімді басылымдар қорындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін қамтитын газет-журналдардан мақалалар қойылды. Іс-шараға Б. Римова атындағы академиялық драма театрының, М. Тынышбаев атындағы музейдің, Д. Рақышев атындағы филармонияның қызметкерлері, сондай-ақ С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың кітапханашылары қатысты. Осындай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Кітап көрмесі адалдық пен әділеттіліктің берекелі әрі әділетті қоғамның маңызды негіздері екенін тағы бір мәрте насихаттауға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1272728?lang=ru