Қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық талқыланды

Қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық талқыланды

20.05.2025 19:43:33 352

Бразилиа, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Бразилия климаттық институтының Президенті Питер фон Болен-Халбахпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және климатты қорғау саласындағы ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Питер фон Болен-Халбах өз кезегінде, Елшіні Бразилиядағы Санта-Катарина, Параиба, Парана және Мато Гроссо-ду-Сул штаттарымен бірге COP-30 климаттық конференциясының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудағы Климат институтының қызметімен таныстырды, сондай-ақ оны ү.ж. 20 мамырда Бразилиа қаласында өтетін «MARCHA-2025» Ұлттық конгресс муниципалитеттері аясындағы «Route to COP30» атты панельді сессиясының құрметті қонағы және спикері болуға шақырды.

Анықтамалық: «Instituto Climatico von Bohlen und Halbach» Бразилия климаттық институты 2024 ж. қыркүйекте құрылып, тұрақты және тиімді климатты қорғау мақсатына жету үшін саясат, өнеркәсіп және жетекші климаттық көмек пен қорғау ұйымдары арасындағы жетекші буын болып саналады.

Институттың мақсаты - экономикалық мүдделер мен тиімді климатты қорғау және CO2 азайту арасындағы теңгерімді зерттеу.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/996881?lang=kk