«ҚР АШМ ВБ ж ҚК Денисов ААИ» ММ көрсетілетін ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер
21.05.2025 15:00:58 528
Денисов ауданы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың мәліметі алу үшін, «ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынады:
1.«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру».
2.«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру».
3.«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру».
4.«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру».
5.«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру».
«ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ, 2025 жылдың басынан бастап жалпы саны 401 ветеринариялық сертификат, оның ішінде 12520,29 тонна көлемінде Иранға жемдік арпа экспорттау үшін 197 ветеринариялық сертификат; 9763,56 тонна көлемінде Қытайға бидай жем ұны экспорттау үшін 204 ветеринариялық сертификат берілді. Кәсіпорындардың ветеринариялық-санитариялық Ережелерді сақтауы (сәйкессіздігі) бойынша 6 ветеринариялық-санитариялық қорытынды берілді. Ветеринариялық препараттарды сақтау және өткізу жөніндегі ұйымға 1 (бір) тіркеу нөмірі берілді. Жануарларды союды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс орындарына (сою алаңдары) 5 тіркеу нөмірінің қолданылу мерзімі ұзартылды. Иранға жемдік арпаны сатуға 24 рұқсат, Қытайға бидай жем ұны сатуға 8 рұқсат берілді. Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне 8 сараптама актісі (сынақ хаттамалары) берілді.
Көрсетілген қызметті алушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алу үшін Денисов ауылында Калинин көш.58, орналасқан «ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ жүгіну қажет, байланыс тел. 8(71434)2-11-48.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-kyrym/press/news/details/997743?lang=kk