Президенттік Жастар кадрлық резерві 2025

Президенттік Жастар кадрлық резерві 2025

29.05.2025 08:15:08 15940

2025 жылғы 1 маусымнан бастап президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады, оған В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін өткізіледі.

Оның қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер іріктеледі. Қабылдау күнінен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей-ақ әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тікелей тағайындалуы мүмкін.

Іріктеуге қатысуға өтінімді сайтта 1-30 маусым аралығында беруге болады pkrezerv.gov.kz.

Жеке кабинетте іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:
1. Жоғары білім туралы диплом
2. Еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес)
3. Qazaq RESMI TEST жарамды сертификаты немесе В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1002353?lang=kk