Уважаемые участники ВЭД!
29.05.2025 15:31:45 330
Құрметті СЭҚ қатысушылар!
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 13.05.2025ж. № 202 бұйрығын орналастырады.
Бұйрықта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге автомобиль және темір жол көлігімен сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) әкетуге тыйым салынды. Бұйрық 2025 жылғы 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қосымша: 6 парақта.
Кедендік бақылау басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1006965?lang=kk