Қарағанды мен Куманово басшылары өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
08.06.2025 17:34:24 110
Қарағанды, 2025 жылғы 30 мамыр – Астана халықаралық форумы аясында Солтүстік Македонияның Куманово қаласының мәрі Максим Димитриевски Қарағанды қаласына барды.
Сапар барысында М.Димитриевски Қарағанды қаласының әкімі М.Кожуховпен және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Тараптар екі қала арасындағы өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
М.Кожухов Қарағанды қаласының тарихы, экономикалық әлеуеті, әлеуметтік-мәдени дамуы туралы айтып, екі ел қалалары арасында тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.
М.Димитриевски Қарағанды мен өңірдің қазіргі даму деңгейін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қарағанды қаласы әкімдігі мен Куманово қаласы муниципалитеті арасында сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қалалық басқару, көлік, экология және әлеуметтік даму салаларында тәжірибе алмасуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қою тараптардың ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестікке ұмтылысын растады.
Келіссөздерге Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов және Куманово қаласындағы ҚР Құрметті консулы Эюп Абдулахи қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1012300?lang=kk