Дипломдық жұмыстарды қорғау
09.06.2025 15:32:29 121
2025 жылдың 9 маусымында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында және жастар арасында құқықтық мәдениет пен құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде дипломдық жұмыстарды қорғауда мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы ретінде қатысты.
Дипломдық жұмыстарды қорғау барысында құқықтық жүйені дамытуға және заңнаманы іс жүзінде қолдануға байланысты өзекті тақырыптар қарастырылды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1013883?lang=kk