Ақтауда «Каспий самалы-2025» бірлескен әскери-теңіз жаттығулары басталды
25.06.2025 12:14:40 121
Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Оған екі мемлекеттің қолбасшылығы мен әскери қызметшілері қатысты. Дәстүр бойынша іс-шара әскери оркестрдің мемлекеттік әнұрандарды орындауы мен екі елдің туларын көтеруден басталды.
Әскери контингенттерді Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков және Әзербайжан Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Теймур Муршудов құттықтады.
Бірлескен оқу-жаттығулар теңіз экономикалық қызметі нысандарының, Әскери-теңіз күштері мен кеме қатынасы пунктерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
1 дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атап өткендей, оқу-жаттығулар екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.
Іс-шара шағын футбол, армрестлинг, арқан тарту және жүзу жарыстарымен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1018690?lang=kk