Көпшілік тыңдау өткізілді

Көпшілік тыңдау өткізілді

25.06.2025 18:18:08 528

2025 жылғы 24 маусымда  «Үлкен Нарын ауданының мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» КМҚК-ның ғимаратында аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі  комиссиясының бастамасымен «Үлкен Нарын ауылдық  округінің санитарлық тазалығы мен көркейту шаралары туралы»  көпшілік тыңдау өткізілді.

Көпшілік тыңдауды тұрақты комиссия төрағасы  Д. Веригин жүргізді. Бұл шараға аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі  комиссиясының мүшелері, депутаттар, аудан аумағындағы кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары, аудандық «Нарын таңы» газетінің өкілі,  ауылдық округ тұрғындары шақырылып қатысты.

Аталған мәселе бойынша Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Д. Маратбеков баяндама жасап, округ бойынша атқарылған іс-шараларды атап өтті, сондай-ақ алдағы жоспарларға тоқталды. Көпшілік тыңдау барысында ауданның санитарлық жағдайы, су жүйелерінің жағдайы, қоқыс және тазалық, көшелерді жарықтандыру, ҚТҚ полигонын күтіп ұстау және ауыл ішінен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару туралы мәселелер көтерілді. Округ әкімі қойылған сұрақтарға кеңінен жауап беріп, ескертулерді басшылыққа алатынын жеткізді.

Ауылдық округтің халқы  округ әкіміне сұрақтарын  қойып,  өз пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция капитаны Мұқанов Нұртас Құралұлы 2025 жылғы 6 ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сөз кезегін алған аудандық мәслихат депутаты Ж. Сыдыкова көзге түскен олқылықтарға кеңінен тоқталып,  ауылдық округтің бет-бейнесін жақсарту үшін тазалықты сақтау қажеттілігі туралы пікірін білдірді.

Көпшілік тыңдау бойынша тиісті қаулы қабылданды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1023232?lang=kk