Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті

25.06.2025 18:20:57 946

2025 жылғы 24 маусымда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұртуған Маратұлы, Үлкен нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова, бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды. 

Сессияда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы  № 9/80–VIІI «2025-2027 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 4 шілдедегі  «Аудандық бюджеттік комиссиясының құрамы туралы» №4/34-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.

 Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің  басшысы Э.Акимбетова ақпарат берді. Ол Үлкен Нарын ауданының бюджетін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы  12 маусымдағы  № 21/176-VIII «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №19/142-VIII «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі негізінде  өзгерістер енгізу жолымен нақтылану үшін ұсынып отырғанын айтты.

Аудандық бюджеттік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді.  

Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1023341?lang=kk