Алматы қаласында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі

Алматы қаласында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі

28.06.2025 16:21:35 363

Қоғамда заңдылық пен тәртіпті нығайту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенімді арттыруда, азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сall-орталыққа 1424 хабарламалары ерекше рөл атқарады.

Сall-орталықтың операторлары сыбайлас жемқорлық және бизнеске қысым туралы хабарламаларға тәулік бойы жауап береді, шағымдарды, жауаптарды қабылдайды, консультациялық көмек көрсетеді.              

Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу туралы хабарлағаны үшін көтермелейді. 

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейтілді. Мұндай адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тартуға, қызметінен босатуға немесе басқа лауазымға ауыстыруға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі тәртіптік комиссия құрамында қатыспайынша жол берілмейді.

Мұндай ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу арқылы осы адамдар туралы құпия ақпаратты қорғау шаралары күшейтілетін болады.                          2024 жылғы тамыз айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің Автокөлік бақылау басқармасының сарапшысы «М» бизнес субъектісінен комплимент ретінде ақша беру фактісі туралы хабарлағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Бизнес субъектісі кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік айыппұл салынды.

2025 жылғы мамырда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметтерінің сапасын бақылау бөлімінің басшысы тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы, атап айтқанда оны мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз деп танығаны үшін пара талап ету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу туралы хабарлаған "К" азаматы көтермеленді. Лауазымды тұлға сотталды, соңғысы 275 240 теңге сомасында сыйақы алды.

Көтермелеу заңды күшіне енген сот үкімі болған кезде ғана жүзеге асырылатынын атап өту қажет.

Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты. Пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК-тен (3 млн.450 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама сыйақы 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды.

Көрсетілген сомадан жоғары – сыйақы 10% құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (15 млн 728 мың теңге).

 

 

 

«Заң және тәртіп»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1026243?lang=kk