Азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

Азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

30.06.2025 12:11:44 198

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Әбділәмитұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала жазылып, өтініштерін айтқан аудан тұрғындары мемлекет тарапынан тұрғын үй алуға байланысты, жұмыссыздық және түрлі әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерін жеткізді.

Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, заң аясында түсініктемелер берілді. Қабылдауға қатысқан тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеліп, кейбір мәселелер сол сәтте шешімін тапты.

Шыңғыс Әбділәмитұлы аудан тұрғындарымен кері байланыстың маңыздылығына тоқталып, әрбір өтініш назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1026611?lang=kk