Қазақстанның арнайы күштері Түркиядағы «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуларына қатысуда
01.07.2025 16:22:26 176
Түркия Республикасында Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 33 елдің әскери қызметшілерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы «Анадолы-2025» халықаралық оқу-жаттығулары өтіп жатыр.
Жаттығуға Қазақстан тарапынан Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің жеке құрамы қатысуда.
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде қазақстандық әскери қызметшілер қалалық жағдайлардағы іс-қимылдарды, парашютсіз десант түсіруді, жаралыларды эвакуациялауды және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды пысықтайтын болады.
Арнайы операциялар күштері жауынгерлерінің жаттығуларға қатысуы жауынгерлік дағдыларды арттыруға, тәжірибе алмасуға және арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Оқу-жаттығу 3 шілде аяқталады деп жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1027598?lang=kk