Қаржы пирамидасын қалай танып-білуге болады: негізгі белгілері
01.07.2025 16:31:37 165
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ескертеді: қаржы пирамидаларына қатысу салынған қаражаттың толық жоғалуына әкелуі мүмкін. Мұндай схемалар көбінесе сенімді инвестициялық мүмкіндік ретінде ұсынылады, бірақ іс жүзінде олар қаржылық тұрғыдан орнықсыз және заңнаманы бұзады.
Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:
- Жоғары кірістілікке уәде беру. Нарықтық көрсеткіштерден бірнеше есе көп кіріс көбінесе нақты қызмет есебінен емес, жаңа қатысушылардың қаражаты есебінен қалыптасады.
- Жаңа салымшыларды міндетті түрде тарту. Пайда жаңа қаражаттың тұрақты түсуі арқылы төленеді, онсыз схема тез жұмысын тоқтатады.
- Лицензияның болмауы. Қатысушыларға агенттік берген лицензияның болуы туралы ақпарат берілмейді. Салымдардың сақталуы үшін шартта заңды жауапкершілік болмауы мүмкін.
- Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі белсенді жарнама.Тұсаукесерлер, сыйлықтар, қолма-қол ақшамен немесе электронды әмияндар арқылы ресми төлем құралдарын айналып өтуге шақыру жиі қолданылады.
- Жаңылыстыратын атауларды пайдалану. Алаяқтар заңды қызметтің көрінісін жасау үшін «инновациялық жоба», «қаржы орталығы», «борыштық бағдарламасы» сияқты атауларды пайдалануы мүмкін.
- Бастапқы салымдары аз. Бұл сенімді қалыптастыру және кейіннен барынша ірі инвестицияларға тарту үшін жасалады.
Егер сіз қаржы пирамидасының құрбаны болдым деп күдіктенсеңіз, мүмкіндігінше тезірек полиция мен Қаржылық мониторинг агенттігіне (ҚМА) хабарласу қажет. Бірден шағым беру ұсынылады – бұл ақшаны қайтару ықтималдығын арттырады. Сондай-ақ туыстарға, достарға және таныстарға олардың кейінгі құрбан болмауы үшін ескерту маңызды.
Компания туралы ақпаратты, лицензияның болуын және мемлекеттік органдардың ресми сайттарында тіркелуін тексеріңіз.
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz. сайтынан таныса аласыздар.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1027618?lang=kk