Мәскеуде ТМД ҚМК жанындағы инженерлік қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы өтті
02.07.2025 15:02:22 198
Ресей астанасында ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы инженерлік қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің XVI отырысы өтті. Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан армиясы инженерлік әскерлерінің бастықтары, сондай-ақ ТМД ҚМК Хатшылығының өкілдері қатысты.
Қатысушылар Ұлттық инженерлік бөлімшелердің гуманитарлық минадан тазарту жөніндегі бірлескен инженерлік бөлімше құрамындағы іс-қимылға дайындығын талқылады. Тыңдалған баяндамалардың қорытындысы бойынша ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің қарауына құжаттың жобасы мақұлданды.
Сондай-ақ, әскери-инженерлік академия Түмен жоғары әскери-инженерлік командалық училищесі секілді бейінді оқу орындары мен халықаралық минаға қарсы орталықта инженерлік кадрларды даярлау туралы баяндамалар ұсынылды.
Жауынгерлік мүмкіндіктер мен инженерлік бөлімшелердің өзара іс-қимылын арттыру үшін орта мерзімді перспективаға арналған бірқатар бірлескен іс-шаралар жоспарланған.
Қабылданған шешімдер көпжақты әскери ынтымақтастықты дамытуға және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1028295?lang=kk