Өңіраралық онлайн-семинар өткізілді

Өңіраралық онлайн-семинар өткізілді

03.07.2025 09:22:48 143

2025 жылдың 2 шілдесінде ҚР Әділет министрлігінің өкілі Гүлнәр Кәкеннің төрағалығымен Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының Әділет департаменттері бірлесіп, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (ҰҚБҰ) өкілдерінің қатысуымен өңіраралық онлайн-семинар өткізді.
Семинардың тақырыбы: «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметіндегі негізгі мәселелер» болды.
Семинар жұмысына Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі «Аманат» коммерциялық емес ұйымы, Еуразиялық құқық иеленушілер одағы және Қазақ авторлар қоғамының өкілдері қатысты.
Іс-шара аясында музыкалық туындыларды коммерциялық мақсатта пайдалану кезінде авторлық құқық нормаларын сақтау, жекелеген көшіру үшін сыйақы жинау саласындағы ұжымдық құқық басқару мәселелері және «ҚазАҚ» әзірлеген музыкалық туындыларды тануға арналған жаңа қосымшаларға ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша ҰҚБҰ, аумақтық Әділет органдары және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында зияткерлік меншік саласында, соның ішінде музыкалық шығармаларды көпшілік алдында орындаумен айналысатын пайдаланушылар үшін құқықтарды ұжымдық басқару мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізу туралы шешім қабылданды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1028761?lang=kk