Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу қағидаларына өзгірістер енгізілді: жоба талқылауға бағытталған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу қағидаларына өзгірістер енгізілді: жоба талқылауға бағытталған

04.07.2025 15:50:58 275

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен 2023 жылғы 27 маусымдағы №707 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер әзірленгенін хабарлайды.

Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдары, жүктер мен тауарларды, оның ішінде ақылы негіздегі электрондық кезек жүйесін пайдалану арқылы өткізу қағидаларын реттейді.

Жоба электрондық кезекті қолдана отырып мемлекеттік шекара арқылы автокөлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістерді енгізуді көздейді.

Негізгі ережелерге мыналар кіреді:

Дұрыс емес деректер үшін жауапкершілік. Шындыққа сәйкес келмейтін деректерді ұсынған немесе брондалған уақытты пайдаланбаған пайдаланушылар бұғатталады. Сондай-ақ кепілдік қамтамасыз ету тетігі енгізіледі.

Жергілікті атқарушы органдардың міндеттері. Енді жергілікті атқарушы органдар өткізу пункттерінің жанында күту аймақтарын құруға міндетті болады. Бұл көлік құралдарының бейберекет жиналуын болдырмауға және тұрақты қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кезектен тыс және жедел өткізу тәртібін ажырату. Шекарадан жедел өту үшін бөлек ақылы режим енгізіледі.

Артықшылықты санаттағы жүктерге арналған жеке слот. Жануарлармен, тез бүлінетін және қауіпті жүктермен жүретін көлік құралдары үшін жеке слот қарастырылады.

Техникалық тетіктер. Фотофиксация, сәйкестендіру және мемлекеттік деректер базаларымен VIN және сақтандыруды қоса отырып өзара іс-қимыл тетіктері нақтыланады.

Көп мәрте брондауға шектеу. Шекарадан өту уақытын бірнеше рет брондауға шектеу енгізіледі, сонымен қатар брондау уақытын ауыстыру мүмкіндігі кеңейтіледі.

Жоба құқық қолдану тәжірибесін, тасымалдаушылардың өтініштерін және қолданыстағы заңнама ережелерін ескере отырып әзірленді.

Ұсынылып отырған өзгерістер өткізу пункттерінен өту уақытын жоспарлау мен маршруттарды ұйымдастыруда ашықтықты, тәртіпті және болжамдылықты арттырады. Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жұмысын жеңілдетуге және өткізу пункттерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жоба 2025 жылғы 14 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады. Өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды «Ашық НҚА» порталында қалдыруға болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1029975?lang=kk