«Серілер салған сара жол» – ұлттық рух пен өнерге тағзым

«Серілер салған сара жол» – ұлттық рух пен өнерге тағзым

04.07.2025 16:11:17 132

Ақмола облысы, Аршалы ауданынан бастау алған «Серілер салған сара жол» жобасы республикалық серілер шеруі деңгейінде өтіп жатыр. Қазақ халқының өткені мен ұлттық өнерін ұлықтауға арналған бұл ерекше жоба ел тарихы мен мәдениетін жаңғыртудың жарқын көрінісіне айналуда.

Жоба жетекшісі – Кемалов Аян Мыңбайұлы.

Серілер шеруі Аршалыдан басталып, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы арқылы өтіп, қазақ руханиятының алтын бесігі саналатын – Абай облысындағы Жидебай ауылында аяқталады. Шеру аясында қатысушылар халқымыздың сал-серілік дәстүрін кеңінен насихаттап, ұлы тұлғалардың жүріп өткен жолын қайта жаңғыртуда.

Жобаның негізгі мақсаты:

  • Қазақ халқының бай мұрасын, салт-дәстүрін дәріптеу
  • Ұлттық өнер мен сал-серілік дәстүрді зерттеу, ұрпақ санасына сіңіру
  • Салауатты өмір салтын, өнер мен тәрбиені ұштастыру
  • Өскелең ұрпаққа рухани бағыт-бағдар беру
  • Ел ішіндегі тарихи, мәдени киелі орындарға тағзым ету

Сал-серілер – қазақ халқының еркін ойлы, өнерпаз, парасатты тұлғалары. Олардың өмір салты мен шығармашылығы – тұтас бір рухани мектеп. Осы рухани мектептің ізін жалғаушы жоба қатысушылары сапар барысында халықпен кездесіп, ән-күймен өрнектелген рухани кештер өткізіп, өнер арқылы ұлттық құндылықтарды ұрпаққа жеткізуде.

2024 жылы бұл жоба Ақмола облысының «Жыл үздігі – 2024» байқауында «Үздік креативті жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл – жобаның қоғамдағы маңызды рөлін дәлелдейтін үлкен жетістік.

«Серілер салған сара жол» республикалық серілер шеруі – бүгінгі күннің рухани қозғалысына айналып, қазақ болмысының биік өнегесін қазіргі заманмен үндестіріп келеді. Бұл тек сапар ғана емес, бұл – ұлттың жанына сапар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1029989?lang=kk