Қр Парламенті Мәжілісінің депутаты Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барды
08.07.2025 11:48:08 286
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласы мен Төретам кентіне барды.
Сапар барысында бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Атап айтқанда, депутат Байқоңыр қаласында салынып жатқан 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, мердігер мекеме өкілдерінен атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімі жөнінде ақпарат алды.
Мұнан соң, мәжіліс депутаты Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бұл бағыттағы жобалар тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жүргізілуде.
Сонымен қатар, депутат “Байқоңыр” кешенінің 70 жылдығына орай ашылған тарихи-техникалық экспозициялар орналасқан ашық аспан астындағы мұражайға барды. Бұл жерде әр жылдары ғарышқа ұшырылған зымырандардың макеттері мен арнайы техникалар. Ашық аспан астындағы бұл кешен бүгінде мұражай ретінде жұмыс істеп, келушілерге Байқоңырдың ғарыштық тарихымен танысуға мүмкіндік береді. ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілі кешендегі экспонаттармен танысып, еліміздің ғарыш саласындағы жетістіктері мен тарихи кезеңдері жайлы мағлұмат алды.
Жұмыс сапары Төретам кентіндегі «Төретам – Ақай» бағытындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысумен жалғасты. Депутат жөндеу жұмыстарының сапасы мен құрылысына ерекше назар аударып, тиісті ұсыныстарын жеткізді.
Сапар қорытындысы бойынша Мәжіліс мүшесі жергілікті атқарушы орган өкілдерімен инфрақұрылымдық жобалардың тиімді әрі уақытылы іске асуы қажеттігін атап өтіп, атқарылған жұмыстарға сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1030842?lang=kk