Гонконгтың бұрынғы басшысының Қазақстанға сапары аясында денсаулық сақтау және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі қадамдар талқыланды

Гонконгтың бұрынғы басшысының Қазақстанға сапары аясында денсаулық сақтау және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі қадамдар талқыланды

09.07.2025 13:51:32 297

2025 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг және Макао АӘА-дағы Бас консулы Б. Досманбетов Қытай Халық Саяси Консультативтік Кеңесінің Ұлттық Комитеті төрағасының орынбасары Леун Чжун-Иннің Қазақстанға жоспарланған сапары шеңберінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар «Бір белдеу, Бір жол» бастамасы аясында Қазақстан мен Гонконг ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, оның ішінде денсаулық сақтау және қоршаған орта саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру мүмкіндігін талқылады.

Халықтың денсаулығын жақсартуға және Қазақстандағы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған медицина саласындағы бірқатар маңызды бағдарламалар талқыланды.

Леун Чжун-Ин – «GX Foundation» коммерциялық емес ұйымының негізін қалаушы және төрағасы, сондай-ақ, 2012 жылдан 2017 жылға дейін Гонконг АӘА-ның басшысы болған.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар ортақ жоспарларды жүзеге асыру үшін тығыз байланыста болуға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1031702?lang=kk