Хронометраждық бақылау

Хронометраждық бақылау

09.07.2025 18:12:29 154
ХРОНОМЕТРАЖДЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕГЕН НЕ?
Бұл – салық органдары кәсіпкердің нақты қызметін тікелей бақылап, табыстарының шынайылығын бағалайтын әдіс.
Жоспарлы немесе жоспардан тыс түрде жүргізіледі.
 МАҚСАТЫ:
 Құжатпен расталмаған кірісті анықтау
 Нақты табысты есептегі деректермен салыстыру
 Есеп жүргізудегі бұзушылықтарды анықтау
Салықтық тексеріс кезінде қосымша салықтар салуға негіз дайындау
ҚАЛАЙ ӨТЕДІ:
ұйғарым шығарылады
Салық төлеушіге хабарланады
1–30 жұмыс күні аралығында бақылау жасалады
Барлық операциялар тіркеледі
Акт толтырылып, қорытынды жасалады
 МЫСАЛЫ:
Кафеде бақылау жүргізіліп,
Келушілер саны
Орташа чек
Түскен табыс
есептеме деректерімен салыстырылады.
ТӘУЕКЕЛДЕР:
Салықтарды қосымша есептеу (ҚҚС, КТС)
Айыппұл, өсімпұл
 Жоспардан тыс тексеріс
Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ:
 Алдын ала ескерту алу
 Бақылау кезінде қатысу
 Түсініктеме беру
 Әрекеттерге шағымдану
 ҚАЛАЙ ДАЙЫН БОЛУҒА БОЛАДЫ:
 Кірістер мен шығыстарды нақты есепке алу
 Құжаттарды сақтау
 Есепті уақытылы тапсыру
 Салық кодексін сақтау
 Есіңізде болсын:
Хронометраж — бақылау емес, кәсіптің шынайы табысын бағалауға арналған құрал.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1031969?lang=kk