Афина қаласында қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Афина қаласында қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы ынтымақтастық талқыланды

11.07.2025 19:41:23 682

Афина, 2025 жылғы 11 шілде – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин грек «Polyeco» компаниясының Негізін қалаушысы әрі Президенті Иоаннис Полихроно­пулоспен келіссөздер өткізді.

Тараптар Қазақстандағы қалдықтарды басқару және ластанған аумақтарды қалпына келтіру бағытындағы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады. Елші «жасыл» технологияларды дамыту Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың циркулярлық экономикаға жедел көшу, экологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және қауіпті қалдықтардың бақылауын күшейту жөніндегі стратегиялық міндеттерімен толық үйлесетінін атап өтті.

Polyeco Group – өнеркәсіптік және қауіпті қалдықтарды кешенді басқару бойынша толық лицензия алған Грециядағы алғашқы компания. Қауіпсіз кәдеге жаратудан бөлек, компания улы қалдықтарды баламалы отынға айналдыру, сұйық шығарындыларды химиялық-физикалық тазарту және бұрын ластанған алаңдарды рекультивациялау сияқты озық шешімдерді енгізеді.

Қазақстан Елшісі Афина маңындағы бұрынғы оқ-дәрі зауытына барып, Polyeco компаниясы жарылғыш қалдықтарды залалсыздандыру және аумақты азаматтық мақсатта пайдалану үшін сәтті рекультивациялау технологияларын іс жүзінде көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық перспективаларын бірлесіп пысықтау және Қазақстанның мемлекеттік әрі жеке құрылымдарымен өзара іс-қимыл орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1033534?lang=kk