Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жымпиты ауылында өрт сөндіру депосы ашылды
14.07.2025 17:21:43 231
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жымпиты ауылында ауыл және жақын маңдағы аудандар тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру депосы ашылды.
Заманауи модульдік ғимарат жергілікті бюджет есебінен қысқа мерзімде салынды және тәулік бойы жұмыс істеуге қажетті барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған: диспетчерлік бөлме, оқу сыныбы, демалыс бөлмелері және тамақтану бөлмесі. Мұнда арнайы автотұрақ, байланыс пункті, асхана, жуынатын бөлме, басшылық құрамға арналған арнайы кабинеттер, сондай-ақ кезекшілердің демалуына арналған үй-жайлар, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт жабдықтарына күтім жасау бекеттері және құрал-жабдықтарға арналған қойма көзделген.
Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.
Жаңа ғимараттың символикалық кілті №14 өрт сөндіру бекетінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Самат Аблаевқа салтанатты түрде табысталды. Басшылар мен қонақтар жаңа өрт бекетін аралап, нысанмен танысып шықты.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы Сырым ауданының тұрғындары үшін маңызды қадамдардың бірі деп есептейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1034233?lang=kk