Бас прокуратура Комитеті 2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жұмысын қорытындылады
15.07.2025 12:40:17 242Ағымдағы жылғы 14 шілдеде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа отырысын өткізді.
Алқа жұмысына аумақтық және оларға теңестірілген департаменттердің басшылары, орталық аппарат пен аумақтық органдардың жеке құрамы қатысты.
Отырысты аша отырып, Сәбит Нұрлыбай ағымдағы жылы Комитет прокурорларының назары мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ Бас Прокурор қойған басым міндеттерді орындауға бағытталғанын атап өтті.
Кеңес барысында Комитет төрағасы орынбасарларының жетекшілік ететін қызмет бағыттары, сондай-ақ цифрлық жобаларды іске асыру бойынша есептері тыңдалды, қылмыстық қатерлерді болжау және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі басымдықтар талқыланды.
Комитет пен оның аумақтық департаменттерінің қадағалау қызметі шеңберінде 489 тексеру, 9 577 мониторинг, 467 талдау жүргізіліп, 24 967 бұзушылық түрлері анықталды, 2 055 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, олар бойынша 7 мыңнан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Азаматтарға 2,9 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру», «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою», «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру», «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру».
Ақпараттық жүйелерді жетілдіру мен дамыту және цифрлық жобаларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Соңғы жылдары құқық қорғау қызметін цифрландыру қарқыны айтарлықтай өсті. Тергеліп жатқан Электрондық қылмыстық істердің үлесі 95%, ӘІБТ-ны электрондық форматта пайдалана отырып, әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалардың 98% құрады. «Бизнес» ТСОБТ жүйесіндегі заңсыз тексерулерден сенімді қорғалған.
Прокурорлық сүзгіні іске асыру шеңберінде ӘІБТ және ТСОБТ жүйелерінде прокурорлардың тексерулерді келісу және инвесторларға қатысты әкімшілік іс жүргізулерді қозғау тетігі құрылды.
Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласының «Есіл» ауданының Полиция басқармасы мен Ақмола облысының Қосшы қ. Полиция бөлімінің базасында «Цифрлық көмекшінің» пилоттық жобасын сынақтан өткізу іске қосылды.
«Цифрлық көмекші» - бұл жай ғана құрал емес, қылмысты ашуда тергеушінің толық көмекшісі. Орнатылған жасанды интеллекттің, үлкен деректердің көмегімен жүйе істер арасындағы байланысты таба алады, болжам жасай алады және тергеу жүргізу үшін ғана емес, сондай-ақ қылмыстың алдын алу үшін де ұсыныстар бере алады.
Президент Әкімшілігінің бейінді бөлімінің үйлестіруімен уәкілетті органдармен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен үміттерін неғұрлым дәл айқындауға мүмкіндік беретін «Азаматтардың жолданымдарымен жұмыстың бірыңғай экожүйесін» құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Комитеттің әлеуетін пайдалана отырып, қылмыстық қатерлерді болжау және оларға қарсы іс-қимыл жүйесін қайта қарау шеңберінде қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы пилоттық режимде құрылды.
Тұтастай алғанда Орталықтың бастапқы портфелі 5 жобадан - көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі, қайталама құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау, Халықаралық ақпараттық кеңістік мониторингінің Зияткерлік моделі, сондай-ақ «е-Өтініш» жүйесінің деректері негізінде әлеуметтік-сезімтал өтініштерді анықтау және есірткі құқық бұзушылықтарды мониторинг пен анықтау бойынша «Таргетинг-орталық» жобаларынан тұрады.
Болжамдық-талдамалық қызметті жетілдіру шеңберінде ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері үшін нақты алдын алу шараларын әзірлей отырып, өзекті кибер-қатерлерді талдау бойынша басымдық айқындалды.
Жұмысты қорытындылай келе Сәбит Нұрлыбай Комитет пен оның аумақтық органдары қызметінің басым бағыттарын белгілеп, мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ алдағы кезеңге еліміздің жоғары басшылығының тапсырмаларын сапалы орындау және Комитеттің болжамдық-талдамалық қызметін жетілдіру бағытын айқындады.
#Заң_мен_Тәртіп
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1034633?lang=kk