«Көк береттілер» жауынгерлік үйлесімді іс-қимыл кезеңіне кірісті

«Көк береттілер» жауынгерлік үйлесімді іс-қимыл кезеңіне кірісті

16.07.2025 08:50:45 418

Қонаев гарнизонындағы 32363 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жауынгерлік оқудың кезекті кезеңінде бөлімшелерді даярлауды бастады.

Бұған дейін десантшы жауынгерлер өздерінің әскери мамандықтары бойынша курстан өтіп, лауазымдық міндеттерін, қару-жарақ пен техниканы үйренді. Бақылау сабақтары олардың білім деңгейін және тапсырмаларды одан әрі орындауға дайындығын растады.

Жауынгерлік үйлесімділік кезеңінің басты мақсаты – тактикалық машықтарды, далалық дағдыларды және ұрыстағы өзара іс-қимылды жетілдіру. Атысты басқаруға, динамикалық жағдайда әрекет етуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударылады.

– Жауынгерлердің машығын шыңдау үшін оқу-жаттығу полигонында құрлықта да, әуе нысандарында да қарудың барлық түрлерінен атыс жүргізуге мүмкіндік беретін жағдай жасалған. Қол гранаталарын лақтыру дағдылары да пысықталуда. Қараңғыда нысаналарды түнде көру құрылғылары қолданылады, – деді батальон командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары капитан Асқат Мұратов.

Офицерлер мен сержанттар басқару дағдыларын, сондай-ақ ұрыста моральдық-психологиялық қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіреді. Сабақтар атыс, тактикалық, арнайы және басқа да жауынгерлік дайындық пәндерін қамтиды. Полигондарда жауынгерлік атыс соңғы кезеңде өтеді, олар түнгі уақытта да жүргізілетін болады.

Іс-шаралар жеке құрамның шабуылда және қорғаныста жауынгерлік міндеттерді үйлесімді және тиімді орындауға дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1035104?lang=kk