Рудный қаласының әкімі В.Ионенко «Eurasia Sugar» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді.

Рудный қаласының әкімі В.Ионенко «Eurasia Sugar» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді.

31.07.2025 09:50:36 484

Кездесу барысында «Turan qanty» қант қызылшасы кластері атты ауқымды инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Аталған жоба Орталық Азиядағы қант өндірісінің тұтас циклін — шикізат өндіруден терең өңдеуге дейін қамтитын ең ірі өндірісті құруға бағытталған.

Кездесу соңында әлеуетті инвесторлардың талаптарын, логистика мен инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа өндірісті орналастыруға қолайлы алаңдар қарастырылды.

Мұндай бастамаларды жүзеге асыру Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік базасын кеңейту және қайта өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларына толық сәйкес келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1043304?lang=kk