Шымкентте тәртіп пен тазалықты бұзғандар жауапқа тартылды
04.08.2025 19:19:34 9607
1-14 тамыз аралығында Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық-әлеуметтік акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсат – санитарлық тазалықты, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ету, сонымен қатар қала тұрғындарының қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Рейдтерді Шымкент қалалық полиция басқармасы әкімдікпен бірлесіп жүргізуде. Тексеру нәтижесінде санитарлық нормаларды сақтамаған бірқатар азаматтар мен кәсіп иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзған тұлғаларға да шара қолданылды.
Акция аясында аулаларды, көшелерді, саябақтарды, скверлерді және басқа да қоғамдық орындарды күтіп ұстауға ерекше көңіл бөлінеді.
Құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдері тұрғындарды тазалықты сақтауға, өзгенің тыныштығын құрметтеуге, тұрмыстық қалдықтарды тек белгіленген жерге тастауға, қаланың қолайлы жағдайын жасау үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырады.