2026 жылғы 28 шілдеде аудан әкімдігінің отырысы өтті
28.07.2026 18:35:48 253
Жақсы ауданы әкімдігінде әкімдік отырысы және ағымдағы кеңес өтті
Жақсы ауданы әкімінің төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, онда 2026 жылдың I жартыжылдығындағы Жақсы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және аудандық бюджеттің орындалуы туралы мәселе қаралды.
Отырыс барысында есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талданып, аудандық бюджеттің орындалуы қарастырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған басым міндеттер айқындалды.
Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелердің басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты орындау мерзімдері белгіленіп, тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1264907?lang=ru