Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және белсенді өмір салтын сүйетіндер!

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және белсенді өмір салтын сүйетіндер!

15.08.2025 16:20:57 79

Сіздерді спорт күнімен – күш, төзімділік, командалық рух және кемелдікке ұмтылу мерекесімен құттықтаймын!

Бұл күн - спорттың салауатты ұлт пен күшті рухты қалыптастыра отырып, біздің қоғам өмірінің маңызды бөлігі болғанын және болып қала беретінін еске салады.

Спорт - тек жарыстар мен медальдар  ғана емес. Бұл қажырлы еңбек, үнемі жаттығу, өзіне сену және өз командасын қолдау. Бұл жеңу және жеңілістерді лайықты қабылдау, қорытынды жасау және күшейе түсу қабілеті. Ол тәртіпті, адалдықты және қарсыласқа деген құрметті, жасына және кәсібіне қарамастан әр адамға қажет қасиеттерді тәрбиелейді.

Бүгін мен спортшыларымызға, жаттықтырушыларымызға, тәлімгерлерімізге және қаламызда спортты дамытып, танымал ететіндердің барлығына ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздердің күш - жігеріңіз бен жеңістеріңіздің арқасында біздің қала спорт ареналарында мақтанышпен естіледі, ал жас ұрпақ лайықты үлгі алады.

Сізге зор денсаулық, күш-қуат, өз күшіңізге сенім, жаңа рекордтар мен жарқын жеңістер тілеймін! Жетістіктер жаңа шыңдарды бағындыруға шабыттандырсын!

 

Өскемен қалалық

мәслихатының төрағасы                                                               А. Светаш

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1051822?lang=kk