Коллекторлармен өзара іс-қимыл жасау кезінде не білу керек?

Коллекторлармен өзара іс-қимыл жасау кезінде не білу керек?

15.08.2025 17:30:39 138

    Кредитор қай кезде қарызды коллекторларға береді?

    Банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушыны төлем мерзімі кешіктірілген күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде хабардар етеді және қайта құрылымдауға кеңес береді.

    Егер берешек реттелмесе және кешіктіру мерзімі 90 күннен асса, кредитор қарызды сатуға (құқықтарды (талап етуді) беруге) немесе оны коллекторлық агенттікке сотқа дейінгі өндіріп алуға беруге құқылы.

    Алайда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап жеке тұлғалардың кредиттері бойынша құқықтарды коллекторлық агенттіктерге (талаптарды) беруге екі жылдық мораторий енгізілді, ол 2026 жылғы 1 мамырға дейін күшінде болады.

    Осы кезеңде азаматтардың борыштарын коллекторларға сатуға тыйым салынады және тек қайта құрылымдау, айыппұлдарды, өсімпұлдар мен комиссияларды кешіру немесе талап ету құқығы ауыспастан қарызды сотқа дейінгі өндіріп алуға беру арқылы реттеуге болады. Мораторий аяқталғаннан кейін 24 айдан астам кешіктірілген жағдайда және кредитор өсімпұлды міндетті түрде кешіре отырып, реттеу рәсімдерін жүргізген кезде ғана борыш басқаға беріледі.

 

         Борышкердің қандай құқықтары мен міндеттері бар?

           Борышкер:

  • коллекторлық агенттіктен коллекторлық агенттік, берешектің мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтерді алуға;
  • коллекторлық агенттіктің талаптарын сотта даулауға;
  • берешекті коллекторлық қызмет туралы заңда көзделген тәртіппен реттеуге;
  • коллектормен өзара іс-қимыл жасаудың ыңғайлы әдісі мен кезеңін таңдауға, коллектормен өзара іс-қимыл жасау процесін өзі белгілеуге;
  • коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағыммен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.

Борышкер:

  • коллекторлық агенттікке тұрғылықты жерінің, телефон нөмірінің және жеке басын куәландыратын құжаттары деректерінің өзгергені туралы хабарлауға;
  • берешекті реттеу мақсатында коллекторлық агенттікпен өзара іс-қимыл жасауға міндетті.

 

Коллекторлар қалай жұмыс істеуі керек?

  • жұмыс күндері сағат 08:00-ден бастап 21:00-ге дейін аптасына үш рет артық қоңырау шалмау;
  • борышкермен аптасына үш реттен және жұмыс күндері сағат 8:00-ден бастап 21:00-ге дейінгі кезеңде бір реттен артық кездеспеу;
  • ұялы байланыс арқылы жазбаша хабарламалар, мәтіндік немесе дауыстық хабарлар жіберу.

  Коллекторлық агенттік борышкермен әрбір байланысқа шыққан кезде коллекторлық агенттіктің атауы, оның есептік тіркеу нөмірі, орналасқан жері туралы, өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні мен лауазымын, кредитордың атауын хабарлауға міндетті.

 

         Коллекторларға не істеуге тыйым салынады?

  • борышкерді берешектің мөлшеріне, сипатына және негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;
  • коллекторлық агенттік қызметкерінің аты-жөнін басқаша хабарлауға, сондай-ақ оның жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді хабарлауға;
  • борышкердің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не борышкердің мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге;
  • борышкердің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға;
  • борышкерге, күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы қысым көрсетуге тыйым салынады.

 

Коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыруы кезінде мынадай жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруына:

  • берешекті өтеу есебіне ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;
  • берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуін талап етуге тыйым салынады.

 

Құқықтарыңыз бұзылған жағдайда не істеу керек?

         Коллекторлардың заңсыз әрекеттері кезінде азаматтар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдана алады.

         Бұзушылықтар расталған жағдайда коллекторлық агенттікке қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады. 

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы коллекторлық агенттіктердің өзекті тізілімі Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған.

Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қызметі «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелетінін және белгіленген қағидалар шеңберінде жүзеге асырылатынын атап өтеміз. 

Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы,

press@finreg.kz

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1051951?lang=kk