ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» НАУҚАНЫ ӨТТІ.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» НАУҚАНЫ ӨТТІ.

17.08.2025 09:49:24 289

2025 жылдың 16 тамызында Шымкент қаласында жалпықалалық «Таза қала» акциясы ұйымдастырылды. Бұл шара санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қаланы абаттандыру мақсатында өткізілді.

Шараға қала әкімдігінің басқармалары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, аудан әкімдіктерінің мамандары, коммуналдық қызмет өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Шара барысында аулалар мен көшелер, саябақтар мен жағалау аумақтары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қураған ағаштар мен бұтақтарды қырқып, шөп шабу, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қаратау ауданы аумағында 440 қызметкер мен 25 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 46,9 тонна қоқыс шығарылды. Жұмысқа 240 адам мен коммуналдық қызметшілер жұмылдырылды.

Еңбекші ауданының аумағын тазалауға 400-ден астам адам мен 33 бірлік техника қатысып, ауқымды санитарлық жұмыстар жүргізілді. Ал Абай ауданында 500-ге жуық адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылып, құрғақ бұтақтарды шабу, шөп шабу, көшелерді тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.

Бұл шара «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастама азаматтардың санитарлық-экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ Шымкент қаласын көркейтуге оң әсерін тигізуде.

Қала тазалығы баршаға ортақ жауапкершілік. Акцияға қатысқан ардагерлер, жастар, белсенді азаматтар бұл бастаманы үнемі қолдап келеді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.