СҚО-да жыл сайынғы жазғы спартакиаданың жабылу салтанаты өтті
18.08.2025 19:22:58 163
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №48 мекемеде 120-дан астам сотталғанды біріктірген дәстүрлі жазғы спартакиаданың жабылу рәсімі ұйымдастырылды.
Қатысушыларға құттықтау сөзін мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Еркін Көпжасаров арнап, спорттық іс-шаралардың сотталғандардың денсаулығын нығайтуға, тәртіп пен командалық рухты қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Спартакиада аясында сотталғандар футбол, волейбол, күрес және басқа да он спорт түрінен бақ сынасты. Нәтижесінде мекеме тарихында 30 жаңа рекорд орнатылды.
Ең ерекше қатысушылардың бірі – жасы 56-дағы сотталған болды. Ол турникке тартылудан үздік нәтиже көрсетіп, спорттың жас шектеуін білмейтінін дәлелдеді.
Салтанат соңында жеңімпаздар ағаштан жасалған ерекше медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1052915?lang=kk