Е-salyq Azamat мобильді қосымша

Е-salyq Azamat мобильді қосымша

19.08.2025 10:25:01 43

«E-salyq Azamat» – электронды салық әмиянының функцияларын орындайтын мобильді қосымша. Бұл қосымша азаматтарды бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы ақпараттандыру және оларды төлеу мүмкіндігін беру үшін әзірленген.

Бұл мобильді қосымшасының арқасында, салық берешегі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына және салық берешектерін төлеу үшін екінші деңгейлі банктердің филиалдары барудың қажеті жоқ, өйткені қазір мұны онлайн режимде жүзеге асыруға болады.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің алдыңғы төлемдер үшін қолданбалы функциясы, алдағы төлемдер туралы мәліметтерді көрсетеді және осылайша салық берешегінің алдын алады.

Сондай-ақ, «е-салық Азамат» қосымшасында «Салық төлеушілерді іздеу» және «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу», тұлғаның салықтық тіркелуін тексеруге мүмкіндік береді.

«е-salyq Azamat» қосымшасы арқылы келесі: активтер мен міндеттемелер бойынша (250,00), табыс пен мүлік бойынша (270,00), жеке табыс салығы бойынша (240,00), жер салығы және мүлік салығы бойынша (700,00) декларацияларын тапсыруға болады.

"Е-salyq Azamat" мобильді қосымшасын App Store және Google Play арқылы тегін жүктеп алуға болады, ал оған ЭЦҚ, sms-пароль (егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз) арқылы авторизациялауға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1053098?lang=kk