Құрметті жұмыс берушілер!

Құрметті жұмыс берушілер!

19.08.2025 18:14:26 92

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында ұжымдық шарттар жасасу тұрақты және сындарлы әлеуметтік диалогты орнатуға ықпал ететін еңбек қатынастарын реттеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Қолданыстағы ұжымдық шарттарды белгіленген тәртіппен цифрландыруды және оларды тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде (hr.enbek.kz ақпараттық жүйесінде) орналастыруды ұсынамыз.

Ұжымдық шарттың цифрлық форматы мүмкіндік береді:

құжаттарды сенімді және ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз етуге;

мүдделі тұлғалар үшін ақпараттың қолжетімділігін арттыруға;

шарт ережелерінің сақталуын бақылау процестерін жеңілдетуге;

өзгертулер енгізілген кезде деректерді жедел жаңартуға;

жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы сенім деңгейін арттыруға.

Бұл хат еңбек заңнамасы аясында өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, әлеуметтік серіктестік тетіктерін нығайтуға және заманауи, ашық және цифрлық еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1053601?lang=kk