Елші Пәкістандағы №1 жоғары оқу орнының басшылығымен кездесті

Елші Пәкістандағы №1 жоғары оқу орнының басшылығымен кездесті

20.08.2025 11:42:18 179

Исламабад, 2025 жылғы 19 тамыз - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның жетекші жоғары оқу орны – Қайд-и-Азам университетіне барып, доктор Нияз Ахмад Ахтар бастаған ЖОО басшылығымен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістанның жетекші оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен іс-шараларды талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1053841?lang=kk