Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру тәртібі

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру тәртібі

21.08.2025 10:13:23 157

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  министрінің  9 желтоқсандағы  бұйрығымен  бекітілді., 2014 ж. №16-04/647.

 

Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін болжамды орын ауыстыру басталғанға дейін портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш ұсынады. Өтініш берілгеннен кейін порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. 

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін, басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттар беру мерзімі - 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды. 

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

Импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, хаты қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына рұқсат:

1.      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатты;

  1. импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келген;
  2. импорттаушы елдің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралары болмаған кезде беріледі;

4.      жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатсыз болуына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты расталған, оның ішінде үшінші елдердің құзыретті органдарымен байланыс арқылы расталған шектеу шаралары болмаған;

 

5.      Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерінде, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға немесе екі жақты ветеринариялық сертификаттарға сәйкес ветеринариялық-санитариялық талаптар  сәйкес ;

 

6.      Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдардың тізілімінде болған (егер Еуразиялық экономикалық одақтың ережелерінде талап етілсе);

 

  1. бақылауға жататын тауарларды әкелу немесе аумағынан жүріп өту бағдары жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағында шектеу шараларының, карантиннің болмаған (егер тиісті бақылауға жататын тауарлар шектеу шаралары, карантин қойылған аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болса);
  2. экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай саламатты болған кезде беріледі.

«ҚР  АШМ  ВБжҚК  Меңдіқара  ААИ»ММ Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1054400?lang=kk