КӘСІБІНЕ АДАЛ, ІСІНЕ БЕРІК МАМАН
21.08.2025 15:26:46 191
Темір жол ел экономикасының күретамыры. Осы салада табандылықпен еңбек етіп, уақыт талабына сай қызмет атқарып жүрген азаматтардың бірі Пазылова Акмарал Абайқызы.
Пазылова Акмарал Абайқызы 1968 жылдың 7 тамызында дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын темір жол саласында бастап, осы салада 26 жыл бойы адал қызмет етіп келеді. Жұмыс жолын Шеңгелді станциясында пойыз қабылдаушысы қызметінен бастаған. Бұл жауапты лауазымда жүріп, үлкен тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігін көрсете білді.
Қазіргі таңда тасымалдау құжаттарын өңдеуші оператор қызметін атқаруда. Ол темір жол тасымалдарының құжат айналымын дәлдікпен, ұқыптылықпен орындайтын жоғары деңгейдегі маман ретінде әріптестері арасында зор беделге ие. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен кәсібилігі арқасында талай жас маманға үлгі бола білді.
Ол тек кәсіби маман ғана емес, сондай-ақ еңбекқорлық пен тәртіптіліктің жарқын үлгісі. Оның еңбек жолы темір жол саласына адал қызмет етудің айғағы.