Кения Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысады

Кения Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысады

25.08.2025 08:52:24 40

Найроби, 2025 жылғы 22 тамыз – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кенияның Дінаралық кеңесінің төрағасы, Епископ Виллибард Китого Лагхомен кездесті.

Елші епископты 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік діндер лидерлері VIII съездінің тұжырымдамасы мен мақсаттары, сондай-ақ өткен Съездердің қорытындылары туралы хабардар етті. Ол бүкіл әлемде бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін дінаралық диалогты дамыту жөніндегі форумды өткізудің өзектілігін атап өтті. Съездер тарихында Кения өкілінің Съезге алғаш рет қатысуы форумның мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетуге, Африканың діни ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге, дінаралық диалог саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, Қазақстан мен Кения арасындағы мәдениетаралық қарым-қатынасты кеңейтуге оң ықпал ететіні ескерілді.

Өз кезегінде епископ Виллибард Китого Лагхо Астанада өтетін Әлемдік діндердің лидерлері VIII съезіне қатысатынын растап, Қазақстанның бұл бастамасының бүкіл әлемде дінаралық диалогты, толеранттылық пен келісімді дамытудағы маңыздылығын атап, осындай айтулы форумға шақырғаны үшін қазақстандық тарапқа ризашылығын білдірді. Епископ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығы мен Кенияның Дінаралық кеңесі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап, Кения тарапының өкілдері Съездің жұмысына белсенді қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Анықтама: Кенияның Дінаралық кеңесі елдің негізгі діни қауымдастықтарының коалициясы болып табылып, діндерді ұстанушыларың моральдық және әлеуметтік ресурстарын жұмылдыру және ортақ мәселелерді шешу, Кениядағы тұрақты бейбітшілік пен дамуға жәрдемдесу үшін конфессияаралық диалог пен ынтымақтастықты тереңдету үшін жұмыс істейді.

Кенияның халқы негізінен христиандықты, әсіресе протестантизм және католицизмді, едәуір бөлігі ислам дінін және жергілікті дәстүрлі нанымдарды ұстанады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1055864?lang=kk